Previous Page  18 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

18

Ол тақуа, білімді және парасаттылығынан да харам

істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын

өте сақ адам болатын. Сондықтан, оның уағызы әрбір

тыңдаушы жүрегіне жететін. Оны төмендегі әңгімеден

білуге болады:

«Имам Ағзам Куфаның орталық мешітінде жұма күні

уағыз айтатын. Бір күні жұмадан соң оған бір құл келіп:

«Ұстаз, сізден өтініш. Құлды азат етудің артықшылығы

мен сауабы туралы да уағыз айтыңызшы. Мүмкін

қожамның көңілі жібіп, мені азат етер»,–дейді. Әбу Ха-

нифа: «Жарайды, сен айтқаныңдай болсын»,–деп жауап

береді. (Ол кез құлдық заманы болатын).

Келесі жұма да жетті. Бірақ, Имам Ағзам уағызын

басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір жұма өтеді. Құлдың

өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада

Имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы мен

артықшылығы туралы тартымды да әсерлі уағыз айтады.

Жұмадан соң әлгі құлдың қожасы келіп: «Ұстаз куә

болыңыз. Алла разылығы үшін құлымды азат еттім»,–

дейді. Әбу Ханифа: «Алла сізден разы болып, істеген ізгі

амалыңызды сауаптан жазғай»,–деп бата береді.

Бостандық алған құл Имам Ағзамға рахметін айтып,

одан: «Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан

өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз», – деп сұрайды.

Әбу Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам

жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп, ақша жи-

надым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан

рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл

амалды өзім істемей тұрып басқаға бұйырғанымда, оның

ешқандай әсері болмас еді, қожаң да саған азаттық бермес

еді»,–деген екен [3, 104].

Әбу Ханифа – ұлық имам, мәшһүр ғалым