Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
24
серігі Хафс ибн Әбдірахманға біраз заттар беріп, сатуға
жібереді. Мүліктерінің арасында бір киімнің нұқсаны
бар екенін ескертіп, сатқанда кемшілігін айт дейді. Досы
киімдерді сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертуді ұмытып
кетеді. Алған адамның кім екенін де білмейді. Бұдан
соң Әбу Ханифа сол заттардан түскен барлық пайданы
садақаға таратады. Сондықтан да, оның дәулетінде бере-
кет болатын [2, 23].
Куфада тұрғанында бір кісінің қойы ұрланады. Оны
естіген ИмамАғзам ұрланған етті байқамай жеп қоймайын
деп сақтық үшін жеті жыл қой етін жемей қойған екен.
Әбу Ханифа ғалымдарға көп көмектесетін. Жыл
соңында табысынан артып қалған ақшаларды ілім жолын-
дажүргендерге таратып:
«Мынақаражаттықажеттеріңе
жұмсап, Алла тағалаға шүкір етуді ұмытпаңдар.
Өйткені, бұл дәулет менікі емес, Алланың рақым етіп,
менің қолым арқылы сендерге жіберген несібесі»
, –
дейтін.
Имам Ағзам аса тақуа еді. Кішіпейілділік пен
тақуалықты ол бәрінен жоғары санайтын. Бірде біреу:
«Сен менің иемсің», – дейді. Сонда ол: «Алла тағалаға ант
етейін, мен сен берген бұл атақтан әлдеқайда беделдімін.
Өйткені, мен Алланың пендесімін. Бұдан өзге биік лауа-
зым бар ма?!» ,– деп жауап береді.
Оның тақуалығы жайлы ғибратты әңгімелер көп.
Бірде ол базарда жүргенде, екі адамның бірі жолдасы-
на: «Мынау – Әбу Ханифа. Өте тақуа адам. Тіпті құптан
намазының дәретімен таң намазын оқиды екен», – дейді.
Осыны естігенде Әбу Ханифа (р.а.) қатты таңданып: «Мен
олар ойлағандай жан емеспін ғой. Бірақ халықтың мен
жайлы жақсы пікірлерін жоққа шығарып, оларды өтірікші
етпеуім тиіс»,–деп сол күннен бастап құптан намазының
дәретімен таң намазын оқи бастаған [2, 21-22].