Previous Page  25 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 96 Next Page
Page Background

25

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Әбу Ханифа қанша дәулетті болса да, жүрегінде

дүниеге қызығушылық болмаған. Шәкірттері арасын-

да отырған кезде оны сынамақ оймен бір яһуди: «Сенің

пәлен жерден сапардан қайтып келе жатқан керуенің

қарақшыларға жем болды. Енді не істейсің?», – дейді.

Әбу Ханифа аз уақыт үнсіз қалады да: «Аллаға

шүкір»,–дейді. Әлгі адам қайта оралып: «Әбу Ханифа,

сүйінші! Керуенің табылды. Қарақшылар қолға түсті.

Малың, дін аман, жолда келе жатыр», – дейді. Әбу Ха-

нифа тағы біраз үнсіз қалып: «Аллаға шүкір» - дейді.

Сонда әлгі адам: «Сен неге қайғыда да, қуанышта да

бірдей шүкірлікпен ғана жауап қайырдың»,–дейді. Сон-

да Имам Ағзам: «Керуенің жоғалды дегенде, жүрегім

ауырып сыздар ма екен деп, оған үңілдім. Жүрегімнің

түк болмағандай бір қалыпты соққанын көріп, «Аллаға

шүкір» дедім. Кейін «малың табылды» дегенде, қуанар

ма екен деп тағы да жүрек дүрсіліне құлақ астым. О сол

баяғыдай соғып тұрды. Мен сонда жүрегімде дүниеге

сүйіспеншілік болмағанын біліп, қуанып: «Аллаға шүкір»

дедім" – деп жауап береді [1, 46].

Алла тағаланың барлығы, бірлігі, шексіз құдіреті

және басқа да сипаттары, сондай-ақ ақырет, жәннат, тозақ

және басқа да сенім-наным мен түрлі діни көзқарастарға

байланысты мәселелерді қарастыратын калам (тәухид,

ақида) ілімі аясында Әбу Ханифа нақли дәлелдер (Құран

аяттары мен пайғамбарымыздың сүннеттері) мен ақли

(ой-санамен түйінделген) дәлелдерді келтіріп, мәселеге

тиісінше жауап беретін.

Әбу Ханифаның тапқырлығы

мен парасаттылығы