Previous Page  31 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 96 Next Page
Page Background

31

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Шәкіртінің бұл ілімге деген ынта-ықыласын байқаған

ұстазы: «Балам, бұдан былай оқушылардың алдыңғы

қатарында отыр»,–деп арқасынан қаққан [1, 10].

Әбу Ханифа өз заманында араб тілі, ақида (діни

сенім), хадис сияқты көптеген ілімдерге мойын бұра

келе, соңында олардың ішінде ең қызықтысы мен

маңыздылығы жағынан өзіне қатты ұнаған фиқһ ілімін

таңдайды. Бұл ілімді жай оқып қана қоймай, тереңнен

зерттеп, мәселелерді тақырыбына қарай тараулап бір

жүйеге келтіру арқылы негізін салады.

Йухий ибн Наср әл-Әнсари «Мен Әбу Ханифаның:

«Менде хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан

жеткен сандық-сандық хадистер бар»,–деген сөзін

жеткізсе, Хасан ибн Зияд: «Әбу Ханифа төрт мың хадис

риуаят еткен: екі мыңын ұстазы Хаммадтан, ал қалғанын

басқа ұстаздарынан үйренген. Оның айтқан сөздері мен

істеген амалдары хадис шәріпке сәйкес болатын»,–дейді.

Әбу Ханифаның ілімі мен даналығын қызғанып: «Ол

хазіретіМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздыңхадистеріне

көп сүйене бермейді, оның шығарған пәтуалары әлсіз»,–

дейтіндер де болған. Бұған қарсы жауап ретінде Найм ибн

Әмр оның: «Адамдар мен туралы: «Ол айтқан пәтуаларын

өз ойынан шығарады, нақты дәлелдерге сүйенбейді»,–

дейді. Расында, әрбір мәселеге байланысты берген

үкімдерімде Құран мен хадиске сүйенбеген кезім болған

емес»,–деген сөзін келтіреді.

Талантты әрі терең парасат иелерін күндеушілері де

табылатыны сияқты Имам Ағзамның (р.а.) бедел биігіне

көтерілгенін, атақ-даңқының асқақтағанын көре алмай

қызғанған дұшпандары да болмай қалмады. «Ол Құранға,

хадиске емес өзінің ақылына көбірек сүйенеді» деп

айыптаушылардың бірінен Имам Ағзам :