Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
36
оқиғаның шешімі Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) сүннетінде, сондай-ақ ижмағда да анықталмаған
жағдайда шариғатта үкімі анық мәселеге ұқсас үкімі жоқ
мәселені салыстыра отырып үкімшығаруды – қияс дейміз,
– деп анықтама берген.
Ұстаз Әбу Заһра Әбу Ханифаның ижтиһадын және
хадистерді зерттеуде ұстанған бағытын, өзі өмір сүрген
ортада көптеп қияс етуге және соның қорытындысына
қарап бірнеше бөлімдерге бөлуге себеп болғанын:
Әбу Ханифаның ілім аясы ауқымды болғандықтан
күнделікті кездесіп отырған мәселелерді талдаумен
шектелмеді. Бәлкім, ол келешекте күн тәртібіне қойылуы
мүмкін және күтіліп отырған мәселелерді де өз назарынан
тыс қалдырмады, – деп түсіндірген.
Әбу Ханифаның шәкірті имам Әбу Юсуф өз ұстазы
жайлы: Хадисті және ондағы фиқһқа қатысты жәйттерді
талдап беруде ұстазым Әбу Ханифадан білімдірек кісіні
көрмедім, – дейді.
Әбу Ханифа мазһабының болмысы мен мазмұны
адамдарға жеңілдік жасап беру сияқты ұлы мақсатта өз
орнын тапқан. Ол кісі ешқашан кісілерге қиыншылық пен
машақатты қаламады. Мейлі, ғибадат немесе, тұрмыстық
қарым-қатынас мәселесі болсын Әбу Ханифаның еңбегі
үнеміжұртшылықназарындаболды.Мәселен,ӘбуХанифа
киімдегі нәжісті гүл немесе жүзім суымен тазалауға рұқсат
деді. Сондай-ақ, түнде құбыланы таба алмай намаз оқыған
кісі таң атқан соң бұрыс бағытқа қарап құлшылық еткенін
білсе де ғибадаты дұрыс болатындығын баса айтқан. Со-
нымен қатар ол зекет мәселесінің де мұсылмандарға оңай
болуын қалаған. Алтын мен күміс зекеті мәселесінде
кедей-кепшіктердің мүддесін қорғаған. Қарыз мөлшері
мал-мүлкіне пара-пар болып табылған кісіге зекет уәжіп
еместігін айтқан.