Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
40
бірінің пікірі айтылса, оған қайшы келуге орын жоқ»,–
деді. Мұны естігендер: «Олар кімдер?»–деп сұрап еді.
Ол: «Әбу Ханифа, Әбу Юсуф және Мұхаммед ибн Хасан
(р.а.)»,–деп жауап берген.
Қырықтан артық мүжтаһид ғалымдардың пікірлері
негізінде құрылған Әбу Ханифа мазһабы сол заманның
көптеген ғұламалары тарапынан ілтипатпен қабылданды.
Бұл мазһабтың дүниеге келуі мұсылманардың өзара
ынтымағына мүмкіндік туғызды.
ИмамАғзаммазһабымәслихатқа негізделіп құрылды.
Сондықтан, оны Әбу Ханифаның жеке өз жолы ғана емес,
жалпымұсылмандар таңдағаншынайыҚұран және сүннет
жолы деу керек. Дегенмен, ол дінді насихаттау үшін көп
ізденді, дінді танып-білу жолында тынымсыз еңбек етті.
Ол бір мәселе туралы ғұламалармен кеңесіп, пікірлерін
тыңдап, ойын айтып, бар мәселені талқылауға салатын.
Әрбір мәселені ұзақ ойлап, терең зерттейтін. Әбу Ханифа
өз пікірін нақты дәлелдермен анықтап беретін. Ғалымдар
бір пікірге келіп, шешім қабылдағаннан кейін имам
Әбу Юсуф хатқа түсіретін. Бұл мазһаб осылайша өзара
мәслихат, кеңеспен дүниеге келді. Сондықтан да, бүкіл
әлем мұсылмандары бұл мазһабтың дұрыстығын күмәнсіз
мойындауда. Құран мен сүннетке негізделген бұл мазһаб
көңілге қонымды әрі бейім.
Шейх Ахмад әл-Макки әл-Хорезми Әбу Ханифаның
ілімін дүниенің түкпір-түкпіріне таратқан шәкірттерінің
730 дан астамы ислам әлеміне танылған ғұламалар еді деп
еске алады.
Асад ибн Фурат (р.а.): «Қырық адам хатшылық
қызметін атқарды. Бірінші ондық ішінен Әбу Юсуф, Зу-
фар ибн Һузайл, Дәуд әт-Тайи, Асад ибн Әмр, Юсуф ибн
Халид әс-Самтий және отыз жыл бойы хатшылық жасаған
Яхъя ибн Закарийа ибн Әбу Зайда»,–дейді. Олар бір