Previous Page  43 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 96 Next Page
Page Background

43

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Түйін

Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да

ғұмыры мен бар мал-мүлкін Алла разылығы жолында

жұмсап, келер ұрпаққа жақсы өнеге қалдырды. Ол қайтыс

болғандаИбнЖәрижқайғыға беріліп: «Қандай білім кетті!

Қандай білім кетті!» – деп жылаған екен. Абай атамыздың:

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз

қалдырған?»–деген сөздері де осындай дара тұлғаларға

арналған шығар.

Қазақстан халқының басым бөлігі Әбу Ханифа

мазһабын ұстанады. Сондықтан қазіргі басты мақсат –

халқымыздың имандылығын, рухани деңгейін өсіру үшін

адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін, әділдікті,

шындықты, адалдықты уағыздайтын, елін, халқын

сүюге тәрбиелейтін, басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен

қарайтын, ең жақсы әдеп–ғұрыптарды уағыздайтын ислам

дінінің құндылықтарын сауаттылық әрі парасаттылықпен

насихаттау.

Күні кешегі атеистік идеологияның уытынан әлі

айыға алмаған бүгінгі қоғамда діни сауаттылық пен

танымның жеткіліксіздігінен түрлі ағымдар мен топтар

жетегінде кеткен кейбір қандастарымыздың аузынан: –

Әбу Ханифа мазһабын ұстанудың қажеті қанша?–деген

қыршаңқы сауал ішінара болса да естіліп қалады. Бұл сау-

алды қоюшыларға ең алдымен Әбу Ханифа мазһабының

ерекшеліктері мен мән-маңызын тереңірек зерделеуге

кеңес берер едік. Екіншіден олар бұл құқықтық мектепті

ата–бабаларымыз неге ұстанған деп, оның өміріміз бен

қоғамымыздағы алар орны мен ролін бағамдауы ләзім.

Осы мазһабты неге әлем мұсылмандарының жартысына

жуығы ұстанатынына көңіл бөлуі тиіс. Бірлік пен ынтымақ

әрбір мұсылман үшін аса қымбат.