Previous Page  42 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

42

біліп, шақырып алып әдейі сынайды. Қазылық жұмысын

ұсынады, көнбейді. Одан кейін мемлекеттегі әр түрлі

лауазымды орындарға шақырады, бірақ Имам Ағзам

бұлардың ешқайсысын да қабылдамайды. Ибн Хубайра

Әбу Ханифаны қапасқа салып, қинайды. Әбу Ханифаның

ауыр азаптан басы жарылып, ісіп кетеді. Қанша дүре соқса

да, ол алған бетінен қайтпайды.

Оның лауазымды қызметтерді қабылдамауының

бірнеше себептері бар–ды. Бірінші, ол мемлекетті

басқаруда әділетсіз болған үмәуйлерді қолдағанда, халық

арасында дау туатын еді. Екінші, үмәуйлердің басқару

жүйесі мен қоғамдық тәртіптері ислам ұстанымдарына

қайшы болатын. Өйткені, жазықсыз жанның қанын төгу

ханиф Исламға теріс іс-әрекет еді. Ал, әділеттілікті жа-

сырып, өкіметтің қолтығына кіру Әбу Ханифа үшін елге

жасалған нағыз зұлымдық саналды.

Аббасилер дәуірінде, шамалы 754 жылы хали-

фа Әбу Жағфар (көбіне Мансұр деген атпен белгілі)

Әбу Ханифаға қазылық жұмысын ұсынады. Ғалым

қабылдамайды. Кейінірек халифа Мансұр бұл лауазымды

тағы да ұсынады. Ол түрлі себеп айтып, келіспейді. Сонда

халифа оған: «Өтірік айтпа!»,–дегенде Әбу Ханифа: «Сен

сонда өтірікшіні қалай қази етпексің?»,–деген. Халифа

ызаланып, оны қапасқа тастап, ел алдында күн сайын он

рет қамшыұруғажәне ол туралыжар салдыруға бұйырады.

Қартайған шағында оны, сөйтіп, билік халық көзінше

азапқа салады. Әбу Ханифаны билік тамақ бермей де

аштан қинайды. Арада бес күн өткенде, яғни 767 жылы ол

дүние салады. Оның жаназасы кезінде Бағдат қаласының

көшелері халыққа толып кеткен деседі.