Previous Page  44 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

44

Олай болса, Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ете түсу

үшін, халқымыздың діни бірлігі мен рухани ынтымағын

сақтап күшейту үшін Әбу Ханифа мазһабы қажет.

Егер Әбу Ханифа мазһабын ұстанбасақ, діни-рухани

бірлік, тұтастықтан айрылып, арамызға діни алауыздық

араласып, жік түседі. Діни амал жайлы бітпес дау, бірінің

жағасынан бірі алу басталады. Менікі дұрыс дейтін топ-

топқа бөлініп, ынтымақтан айрыламыз. Жақсы ғұрып

пен әдет әдіра қалып, жақсы әдетке де қарсы шығуымыз

көбейеді. Мұның арты мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер

беріп, қасіретке душар етуі мүмкін.

Алла тағала ғибадаты мен ғибраты мол, жомарт,

жұмсақ мінезді, тақуалы ұлы имамымыз Әбу Ханифа-

ны рақымына бөлесін. Бүкіл дүние мұсылмандарының

ынтымағы мен бірлігі нығайып, дау мен алауыздық жой-

ылсын. Әлемде тыныштық пен сыйластық орнықсын.

Әмин!

* * *

– Түсіндің бе?– деді Сәлімгерей ұлына.

– Түсіндім әке,– деді Арман. Ата – бабаларымыз

мың жылдан бері Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Хани-

фа мазһабын жайдан-жай ұстанып келмеген екен. Бір

мазһабта болу, шындығында да елдің діни ауызбіршілігі,

ынтымағы, шариғатқа қайшы келмейтін әдет-ғұрып, салт-

санасын да тәрк етпеу екен ғой.

– Балам, мен саған өміріңе шамшырақ болар мына

өсиеттерді де айтайын. Бұл өсиетті Имам Ағзам баласы

Хаммадқа айтқан екен. Жақсылап тыңда:

«Балам! Аллаһ сені тура жолға бастап, әрқашан сенің

жәрдемшің болсын,–деп дұға жасаумен бастады. Ұлым!

Саған айтпақ әкелік насихатымды құлағыңа құйып,