39
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әбу Юсуфтан (р.а.) Мұхаммед ибн Хасан әш-
Шайбани, Ахмад ибн Ханбал (Ханбали мазһабының
жетекшісі), Бишр ибн Уалид, Яхъя ибн Муъин және басқа
көптеген танымал адамдар (р.а.) білім алды.
Һарун ар-Рашид заманында ол Бағдат қаласында қазы
болды. Кейінірек бас қазы лауазымына дейін көтерілді.
798 жылы Бағдатта қайтыс болды.
3.
Имам Мұхаммед (р.а)
Әбу Ханифаның алғыр әрі
зерек шәкірттерінің бірі еді. Толық аты-жөні – Әбу Аб-
дулла Мұхаммед ибн әл-Хасан ибн Фарқад әш-Шәйбәни.
Ол Уасит қаласында дүниеге келгенімен, көп уақыты
Куфада өткен. 14 жасынан Имам Ағзамға шәкірт болды.
20-ға келгенде Куфаның орталық мешітінде шәкірттерге
дәріс бере бастайды.
Сонымен қатар ол Әбу Юсуф, Суфъян ибн Үәйнә,
Абдурахман әл-Әузәғи және Абдулла ибн Мүбәрактан
дәріс алып, оқуын жалғастырды. Үш жылдан астам
имам Мәліктің құзырында болып, одан 70 мыңнан артық
хадис естіген деген де риуаят бар. Ол да Имам Ағзамның
мүжтәһид дәрежесіне жеткен шәкірттерінің бірі.
796 жылы Һарун ар-Рашидтың бұйрығымен
Хорасанның қазысы болып тағайындалды. Ол Ханафи
мазһабының дамып, кең тарауына көп еңбек сіңірген.
Имам Мұхаммед өзінің терең іліміне сүйеніп
көптеген қиын да ауыр мәселелер бойынша пәтуа жазды.
Өзі де ұстазы сияқты көптеген шәкірттер тәрбиеледі,
шәкірттерінің ең озықтары: Имам Шафиғи (Шафиғи
мазһабының жетекшісі), Әбу Хафс әл-Кәбир; Мұхаммед
ибн Сасаға; Яхъя ибн Майн; Ибн Миһран (р.а.) сияқты
ұлық ғұламалар.
Имам Мұхаммед (р.а.) көптеген діни мәселелерге
дәлелдер тапқан, оларды реттеп, жүйесін жасаған. Ахмад
ибн Ханбал (р.а.): «Егер бір мәселе төңірегінде үш кісінің