Previous Page  37 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 96 Next Page
Page Background

37

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Неке мәселесінде Әбу Ханифа бойжеткен қыздың

тұрмысқа шығуы толығымен өз қалауынша болаты-

нын және оның шешімін аға-інісі, тіпті, ата-анасы да

бұзуға құқықтары жоқтығын көрсеткен. Тұрмысқа

шыққалы тұрған қыздың өз неке рәсіміне қатысуына

болатындығы, некеде бір ер кісі және екі әйелдің куәлігі

қабыл болатындығы және әкесі зорлықпен ұзатып жатқан

қыз күйеуге шыққысы келмесе немесе жігітті ұнатпаса

мұндай неке шариғатқа сай еместігін нақты айтқан.

Әбу

Ханифаның

және

бір

артықшылығы

экономикалық мәселелерді шешудегі ерекше зеректігі.

Оның бұл қасиеті экономикаға қатысты ижтиһаттарында

тайға таңба басқандай көзге көрініп тұрады.

Қараусыз жерлерді құнарландырып, егістік алқабы

етуге шамасы жететін диқандарға жерді жеке меншік

етіп беру, егістің басында өнімі жиналмай тұрып-ақ

тұтынушыға сатуға рұқсат беру, жетімдердің дәулетін

көбейту мақсатында қаржыны сауда-саттыққа са-

лып пайдалануға рұқсат беру жайлы Әбу Ханифаның

ижтиһадтары жоғарыда айтылған пікірімізге дәлел.

Әбу Ханифаның шәкірттері

Әбу Ханифаның жолын жалғастырып, фиқһ

мәселелерін толықтырған әрі дамытқан шәкірттері: Имам

Зуфар ибн Һузайл(727–774), Имам Әбу Юсуф (730–798)

және Имам Мұхаммед ибн Хасан (748–804) еді. Олардың

қатарына аты белгілі Яхъя ибн Саид әл-Қаттан, Абдул-

ла ибн Мүбәрак, Уақиъ әл-Жәррах, Язид ибн Һәрун,

Абдураззақ ибн Һәмман, Дәуд Таий секілді ғұламаларды

қосуға болады.

1.Исфахан қаласынан шыққан

Имам Зуфар ибн

Һузайл (р.а)

Имам Ағзамның шәкірттерінің үлкені бо-

латын. Оның толық аты – Әбу Һузәйл Зуфар ибн Һузәйл