Previous Page  32 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

32

– Намаз ұлық па немесе ораза ұлық па?», – деп

сұрайды.

– Әрине, намаздың жолы үлкен, –дейді әлгі кісі.

– Мұны кімнен естідің? – дейді Имам Ағзам.

– Расулалладан (с.ғ.с.) – депті ол.

Сонда Имам Ағзам: «Мен де намаздың жолы ұлық

деп айтам, әрі оны хадиске сүйеніп айтып отырмын. Егер

ақылға табан тірегенімде оразаның жолы ұлық дер едім.

Өйткені, әйел адам хайыз болғанда (етеккірі келгенде) на-

мазды да, оразаны да тоқтатады. Хайыздан тазарған соң

әуелі оразаның қазасын өтейді. Бірақ намаздың қазасы

өтелмейді. Тағы да: «Мирасқордың мұрасын бөлерде ер

адамға екі есе, әйелге бір есе беріледі. Егер мен ақылға

сүйенгенімде әйелге екі есе тиесілі, өйткені әйел табиғаты

нәзік, сондықтан екі есе деп айтар едім. Бірақ мен Құран

Кәрімге сүйеніп, еркекке екі есе деймін» деген екен.

Әбу Ханифа пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)

хадистерін

естіген немесе дәлел ретінде қабылдаған кездерінде,

мұқият қарап, оның ақиқаттығына аса мән беретін.

Өйткені, ол заманда жалған және күмәнді хадистер

көбейген еді. Осылайша, Әбу Ханифа ғылыми істерін

ұқыпты әрі тиянақты жүргізіп, Құран, хадис, ижмаъ және

қияс негізінде мәселе шешіп, олардың негізінде фиқһты

тарау-тарауға бөліп, реттеген. Онда дәрет, намаз, ораза,

зекет, қажылық, неке, талақ, сауда, егіншілік, жаза т.б.

діни мәселелер жүйеленіп жан-жақты қамтылған.

Кейінірек Әбу Ханифаның бұл жүйесін имам әл–

Бухари, имам Муслим, имам Тирмизи, имам Әбу Дауд,

имам Нәсәий және имам ибн Мәжә сияқты әйгілі мухад-

дистер (хадис саласының мамандары) де өздерінің хадис

жинау жұмыстарында пайдаланған.