Previous Page  29 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 96 Next Page
Page Background

29

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

– Иманның ондай үштен де, төрттен де, бестен де

бірі болмайды. Ол бөлінбейді.

– Иманның қаншасы сонда?

– Тұтасы.

– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың

мұсылман екенін айттыңдар.

– Сен мұны қой. Олар жәннаттық па, әлде

жәһәннәмдық па? – деп харижит сүріндіру үшін сұрақты

бастырмалата бастайды.

– Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мүшріктерге: «Ей,

Алла! Маған бойсұнғандар мен қарсы шыққандарға

Сен кешірімді әрі рақымдысың»,–деп дұға етті. Иса

(ғ.с.) пайғамбар: «Ей, Алла! Егер оларды азапқа салсаң,

олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі

рақымдысың»,–деді. Иманды жандарды қудалауға се-

беп те, негіз де жоқ», – деп түйіндейді өз жауабын Әбу

Ханифа. Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап,

мешіттен шығып кетеді.

Осылай Әбу Ханифа Құранның асыл аяттары

менхазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)

пайғамбарымыздың хадис

шәріптерінен, сондай-ақ бұрын өткен пайғамбарлардың

(ғ.с.) өсиеттерінен нақты дәлелдер мен мысалдар келтіру

арқылы, жат топтардың теріс пікірлерін түзеп отырған.

Әбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты

ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне еліктеп

кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып алатын.

Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: «Мен сенің де

әр қилы мәселелерде пікір таласып, айтысатыныңды

көретінмін, ал енді мені содан тыйғаның қалай?», –деп

сұрайды. Әбу Ханифа: «Балам–ау! Біздің пікірталастағы

сақтығымыз соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай

аса мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз

қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден шықса екен