Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
26
Бірде оған сол аймақтағы пұтқа табынушылар келіп,
Жаратушы Иеміз жайында пікір таластырады. Әбу Хани-
фа: «Сендер теңіздегі кеменің қарсы соққан толқындарға
төтеп беріп, жел бағытымен жүзіп бара жатқанын
көрдіңдер дейік. Сонда мен әлгі кемені жүргізушісіз,
өздігіненжүзіпбаражатыр десем, қабыл аларма едіңдер?»,
–деп ой тастай сұрады. Пұтқа табынушылар: «Жоқ, бұл
ақылға сыймас», – деп жауап береді. Имам Ағзам: «Сол
секілді біздің тұрған жеріміз кеме іспетті. Ол үстіне адам-
дар, жан-жануарлар және сансыз өсімдіктерді артып,
қаншама ғасырдан бері діттеген жеріне қарай кетіп бара
жатыр. Оның бағытын түзеп, үстіндегі халықты сақтаған,
қадағалаған бір иесі болмауы ақылға сыя ма?! Демек,
әлемнің Ұлы Бір Жаратушысы бар»,–дейді. Сонда олар
ақылға келіп, мұсылмандықты қабылдайды.
Алланың барлығына әрі бірлігіне иман келтіре
алмаған, табиғат заңын құдіреті күшті Тәңірден жоғары
қоятын, ғалымдармен кездесе қалса айтыса кететін
бір дінсіз философ жүре–жүре Куфа қаласына келіп,
көзқарасын таратып насихаттамақшы болады.
Халифа әл-Мансур (754–775) философты шақыртып,
ниетін білгісі келеді. Дінсіз: «Құрметті, халифа! Сенің
сарайыңда қызметте жүрген ғалымдармен кездесіп,
пікірсайыс өткізсем деймін. Өйткені, олар бүкіл әлемді бір
Алла жаратты дейді. Мен әлем бұрыннан бар еді деймін
әрі бұл пікірімді дәлелдеп беремін»,–дейді.
Халифа Әбу Ханифаны шақыртады. Ол бесін нама-
зын оқып болғаннан соң баратынын хабарлайды.
Куфалықтар мәжіліс үйіне лық толады. Әбу Ханифа
бірақ айтқан мерзімінде келе алмайды. Уақыт өткен сай-
ын дінсіз тәкаппарланып: «Білемін, менен қорықты»,–деп
жылмың қағып отырады.