Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
22
ғибадаттармен, намаз, Құран кәрім оқумен өткізетін. Бұл
амалдарды дүниеден қайтқанша ұстанды»,–деп еске ала-
ды.
Абдулла ибн Мүбарәк (р.а.): «Имам деген атқа Әбу
Ханифадан артық лайық кісі жоқ. Өйткені, ол өте тақуа
ғалым еді. Ол көрегендігі, қабілеттілігі, парасаттылығы
арқасында фиқһ іліміне жол салды», – десе, Қайс ибн Ра-
биъ (р.а.): «ӘбуХанифа (р.а.) Бағдатқа тауар жіберіп, олар-
ды саттырып, ақшасына зат алдырып Куфаға жеткізетін,
хадис ілімінің қыр-сырын зерттеп жүрген ғалымдарды
қажетті нәрселермен қамтамасыз ететін, оларға азық-
түлік, киім-кешек тарататын»,–дейді.
Қазақ жерінің орта ғасырлық дана перзенті имам
Ағзам туралы арнайы еңбек жазған Хафиз ад-Дин
Мұхаммед әл-Кердери (?-1424) ибн әл-Мүбарактың:
«Куфаға келген соң қала тұрғындарынан кімнің фиқһты
жақсы білетіндігін деп сұрағанымда: Әбу Ханифа» деді
маған. Сонан соң "Бұл дүние қызығынан ең көбірек баз
кешкен кім?" деген сұрағыма: «Әбу Ханифа деген жауап
алдым» деген сөзін келтіреді. Сөйтіп осындай пікірлердің
бәрі жиылып Әбу Ханифаның бүкіл болмысын ашып тұр
деп ойлаймыз [1,20].
Әбу Ханифа: адалдық пен жомарттық үлгісі
Ол аса жомарт, кеңпейіл, өте адал кісі болатын.
Көпшілік оның сауда-саттықтағы сипатын Әбу Бәкірге
(р.а.)ұқсататын.Олпайданыойлап, өзгелердіңаңғалдығын
пайдаланбайтын. Өз пайдасын қалай қорғаса, өзгелерді де
солай қорғайтын. Кедейлерге мейлінше көмектесуге ты-
рысатын.
Бірде Әбу Ханифа Куфа қаласындағы дүкенінде
сауда жасап тұрғанда бір әйел жібек көйлек әкеліп, Әбу
Ханифаға көрсетіп, сатпақ ниетін білдіреді. Әйел сөзін: