Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
28
Әлі де бір Алланың барлығына сенбей, данышпан-
сып отырған ол:
– Соңғы сұрағыма жауап берсең ғана сенен
жеңілгенімді мойындаймын. Алла бар деп бойбермейсің.
Сол Аллаң дәл қазір не істеп жатыр? – деп сұрайды. Аз
ғана ойланып қалған Әбу Ханифа:
– Мына отырған мінберден түсіңіз, сұрақтың жауа-
бын сонда берейін деп дінсізді төмен түсіріп, өзі мінберге
шығып:
– Дәл қазір Алла тағала сен сияқты бір дінсізді
мына мінберден түсіріп, мен сияқты бір пендесін жоғары
шығарды,–дейді.
Дінсіз аузын аша алмай қалып, қалың халық алдында
«калимаи шаһадат» айтып, исламды қабылдаған екен.
Әбу Ханифа фиқһ ілімінің жетік маманы болған
кезінде, дініміздің көптеген келелі мәселелеріне бай-
ланысты сұхбаттарға да қатысатын. Бірде ол мешітте
отырғанында қарулы харижиттер (суниттерге қарсы топ
өкілі) үстіне баса–көктеп кіріп, сынау үшін оған: «Босағада
екі өлік жатыр. Бірі арақтан өлген ер кісі, екіншісі зина
жасап қойып, сонысы үшін ұялып асылып өлген әйел.
Бұл екеуіне қатысты не айтар едіңіз?»,–деп сұрайды.
Харижиттердің сенімі бойынша, үлкен күнә жасаған кісі
кәпір саналып, мәңгілік тозаққа түседі.
Ол кісінің ниет-пиғылын бірден түсінген Әбу Хани-
фа: – Ол екеуі яһуди ме, әлде христиан ба, не пұтқа табы-
нушы ма? Мұның қайсысы?– деп қарсы сұрақ қояды.
– Олардың ешқайсысы да емес.
– Сонда қай үмбеттен?
– Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі
дейтін қауымнан,– деп жауап берген харижиттерге:
– Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен яки бес-
тен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.