Previous Page  11 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 96 Next Page
Page Background

11

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Хазіреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) халифалық

кезінде олар Хорасаннан Куфа қаласына қоныс ауда-

рады. Бабасы ұлы Сәбитті хазіреті Әлидің (р.а) қасына

ертіп барып, бата сұрайды. Хазіреті Әли (р.а):

«Алла

тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына

мол береке берсін»

,–деп дұға етеді. Атасының тілегі мен

халифаның дұғасы қабыл болып, ұрпағынан иманды да,

тақуалы ғалым Әбу Ханифа дүниеге келеді.

Әбу Ханифаның әкесі Сәбит те өте тақуа адам

болған. Ел арасында ол туралы ғибратты әрі жұртқа та-

ныс төмендегі оқиға жиі айтылады: «Әбу Ханифаның

әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі еді. Бірде дәрет алып,

сүлгімен бет-аузын сүртіп тұрғанда, арықта ағып келе

жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі түсі көз тар-

татын. Сәбит шыдамай, алманы алып бір тістейді. Сонан

соң ол: «Не істеп қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны

тауып, дереу ризашылығын сұрайын»,–деп, өзен бойымен

жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады.

Содан ол үлкен баудың ішіне кіреді. «Жеген алмам

осы баудан шығар»,-деп, Сәбит бау иесіне барып, оған:

«Ас–сәләму әлейкум! Ойламай бақшаңыздың бір алма-

сын жеп қойдым. Мүмкін болса, кешірім етсеңіз»,–дейді.

Жігіттің ақылдылығы мен имандылығын байқаған

бағбан әдейі: «Разы емеспін»,–деп дөрекілеу жауап

қайырады. Бұл сөз Сәбитке ауыр тиеді. Ол бағбанның

аяғына жығылып, оған: «Кешіріңіз! Жеген алманың

ақысын төлейін немесе қызметіңізді істейін»,–деп жалба-

рынады. Сонда бағбан: «Онда былай. Үш жыл қызметімді

істейсің. Сонан кейін арғысын көре жатамыз»,–деп жігітке

шарт қояды. Амал жоқ, Сәбит шартқа көнеді. Өйткені,

ақырет есебі мен кісі ақысынан қорқатын.

Ол үшжыл бойы бағбанның үйінде адал қызмет етеді.

Мерзімі біткеннен соң, кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан