Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
6
(с.ғ.с.) ислам қауымына:
«Ей, мұсылмандар! Мен сен-
дерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды
бекем ұстап, амал етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар.
Олар – Алланың кітабы (Құран Кәрім) және Алла
елшісінің сүннеті»
, – деген.
Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті,
жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені, өмір мен
тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отыра-
ды. Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп,
шариғат шеңберінде ол мәселелерді шешіп отырды.
Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде
бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында Құран
аяттарына сүйенген, ол мәселенің жауабын аяттардан таба
алмай қалған жағдайда, хадистерден іздеген. Ол жерден
де таба алмаса, білімді де беделді сахабалардың басын
қосып, олармен сол мәселелер туралы кеңесіп, ойларын
тыңдап, содан кейін ғана шешім қабылдайтын.
Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар арасы-
на таралды. Олар араб тілін де, дінін де білмейтін. Діни
үгіт–насихат пен тағылым істерін оларға жеткізу саха-
балар үшін оңай емес–тін. Бұл ретте сахабалар ислам
дінін бүге–шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық
етті. Сол ұстаздар қатарына хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с )
пайғамбарымыздың ұлық төрт халифасы, сондай–ақ Аб-
дулла ибн Масъуд (590–653), Абдулла ибн Омар (612–
643), Абдулла ибн Аббас (619–686), Абдулла ибн Әмр
ибн Аас (571–664), Зәйд ибн Сәбит (615–665) және Айша
(613–678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар өз
заманының дара адамдары еді. Абдулла ибн Аббастың
(р.а.) үйі «білім ордасы» атанған.
Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға:
«Сахабаларым
аспандағы
жолшы
жұлдыздар