Previous Page  3 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 96 Next Page
Page Background

3

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Сәлімгерей кәсіпкерлікпен айналысып фирма

ашты. Бірте-бірте ісі алға басып, біраз қор жинапты.

Имандылықты ту етті. Адал жүріп, адал тірлік еткеннің

пайдалы екенін түсінген ол өзі ғана емес, ұлдарын да

ата дініне бет бұрғызды. Әсіресе, үлкен баласымен апта

сайын жұма намазынан қалмайды. Сөйтіп жүріп қасиетті

Мекке мен Мәдинаға перзентін ертіп қажылыққа баруды

жоспарлады. Ол ойы да орындалып, дініміздің отанына

барудың сәті түсті.

Меккедегі бас мешітте бір мезгілде бір миллион адам

намазға тұрады екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған

мұсылмандар бір атаның балаларындай бір сапқа тұрып,

сәждеге жығылуда. Ғибадат соңында Арман әкесінен:

– Әке, намаз кезінде діни амалдарды әркім әртүрлі

орындап жатқанын байқадым. Біреуі қолын кіндіктен

төмен байласа, енді бірі кеудесіне қояды. Аяқтарын да

талтитып тұрады. Біздің елде діни амалдар бұлай әртүрлі

атқарылмайды, бірдей ғой, неге олай,- деді.

– Балам, жаһанның күллі мұсылмандарының 84%

сүнниттер. Бұл – Исламдағы басты бағыт. Ал енді

сүнниттердің өзі 4 мазһабқа бөлінеді. Біз ұлық имам –

имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабындамыз. Сол себепті де

діни амалдарымызда алшақтық жоқ, – деді әкесі.

– Әке, мәзһаб деген не? – деді Арман бұрын ести бер-

меген сөзге түсінбей.

Сәлімгерей әңгімесін әріден бастап түсіндіруге

кірісті.