Previous Page  12 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

12

оған: «Мен саған үш жыл өтсе, арғысын тағы көрерміз

деп едім. Сондықтан, менің тағы бір кішкене шартым

қалды. Соны орындасаң, сөзім сөз, сенен разы болып,

рұқсатымды беремін»,–дейді. Сәбит көнеді. Бағбан оған:

«Менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді,

қол–аяғы сал әрі мылқау. Соған үйленесің. Соңғы шар-

тым осы»,–дейді. Жігіт бұған да көнеді.

Қыз бен жігіттің некелері қиылып, тойы өтеді. Жігіт

шымылдыққа кірген соң, көзі де көретін, құлағыда еститін,

қол-аяғы да сап-сау қызды көреді. Қыздың әкесіне барып,

оның сырын сұрайды. Әкесі айтқан сөздерінің себебін бы-

лай түсіндіреді: «Қызым ұят нәрселерге қарамайды, сол

үшін ол көр; ұят әрі балағат сөздерді естімейді, сол үшін

ол керең; тыйым салынған нәрсеге қол созбайды және

бұзық жерлерге бармайды, сол үшін оның қол-аяғы сал;

жаман сөз сөйлемейді, сол үшін ол мылқау. Қызымды сен

сияқты құдайшыл, иман жүзді жігітке берсем, ол Алладан

қорқатын, біреудің ақысын жемейтін таза адам болып,

туған немерелірім де Ислам тағлымдарына сәйкес өмір

сүрсе деген арманым бар еді. Алла маған сені жеткізді.

Бір көргенде-ақ сенің адал екеніңді байқадым. Сонда

да сынап бақсам артықтық етпес деп ойладым. Сен мен

ойлағандай боп шықтың. Бұдан былай ерлі-зайыпты бо-

лып, бірге тату-тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар»,–деп

батасын береді. Міне, осындай пәк, тақуа, текті отбасын-

да әлемге әйгілі ғалым Имам Ағзам дүниеге келеді» [3,

65-67].

Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.)

Ирақтың Куфа қаласында үмәуйлік халифат тұсында (699

жылы ) дүниеге келген.

Азан шақырып қойылған аты ән-Нұғман болғанымен,

халық оны Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деп атайтын.

Өйткені, ислам әдебі бойынша үлкен ғалым адамдардың