Previous Page  7 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 96 Next Page
Page Background

7

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын

табасыңдар»

,–деп сипат берген.

Имам Мәліктің (713–795) «Муатта» атты кітабын

оқып шыққан халифа Жағфар Мансур (754–775) оның

біліміне ризашылық білдіріп:

«Өте құнды еңбек жа-

зыпсыз. Келіңіз, мұсылмандарға ислам дінін тек осы

кітап бойынша амал еткізейік»,

дегеніне, имам:

«Жоқ, олай етуге болмайды. Расулулланың сахабала-

ры жан-жаққа тарады, олардың барлығы да өздерімен

жақсылықты ала барды»

, – деген екен.

Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар пай-

да болды. Соның салдарынан исламды әртүрлі талдай-

тын, түрлі-түрлі мәзһабтар (діни құқықтық мектеп, жол)

көбейді.

Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша

Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу

арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы

күресуші, олардың қателіктерін паш етуші

Әбу Хани-

фа (699–767), имам Малик (717–795), имам Шафиғи

(767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855)

секілді ислам

ғұламаларының мәзһабтары дүниеге келді.

Бұлар ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300

жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын

жүргізуде. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы мүжтаһид

(білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну

арқылы осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың

жолы кесіліп, алды алынып келеді. Сондықтан бұл төрт

мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені,

олар Құран кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан

«әһлус-сүннә уәл-жамаға», яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)

пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен

бөлінбей, бірлік-ынтымақтыжақтаушықауыммәзһабтары

атанды.