Previous Page  8 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

8

Мазһабтардағыайырмашылықтар тек абзалжәне

дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, біз өз мәзһабымызды аб-

зал санаймыз да, ал қалған үш мәзһабты дұрыс деп

білеміз. Тек біздің мәзһаб дұрыс, қалған үшеуі бұрыс

деу адасушылық болып есептеледі.

Соның ішінде біздің Ханафи мазһабымыз тұла

бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл

құндылықтарға бай. Бұл күндері әлем халқының төрттен

бірі мұсылман болса, солардың 48% осы мазһабта. Қалған

52% үш мазһаб пен өзге де ағымдарға тиесілі.

Имам Малик мазһабын Африканың бірқатар елі,

Имам Шафидің мазһабын Мысыр, Сирия, Малайзия, Ин-

донезия, ал Ахмад ибн Ханбал мазһабын Парсы шығанағы

аймағындағы халықтар ұстанады. Әбу Ханифа мазһабы

негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ре-

сей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен

тараған.

Осы төрт мазһаб ішіндегі жұмсағы әрі халқымыздың

жүрегі мен табиғатына, әдет–ғұрпына жақыны, бабалары-

мыз ежелден таңдағанӘбуХанифа –ИмамАғзаммазһабы.

Исламдағы бір мазһабта болудың артықшылығы –

халық

біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл бо-

лады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан

бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-

жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры

осында. Өйткені, құлшылық амалдарының бір болуы

ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.

Әбу Ханифа мазһабы өзге діни мектептермен

салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен әрі

демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай

көшпелі халқымыздың бұл мазһабты қабылдауының тағы

бір себебі – өз дүниетанымы, болмысы мен діліне оның

тонның ішкі бауындай жақындығында.