9
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның
қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа мазһабы бойын-
ша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі
мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап,
оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.
Ханафи мазһабының негізін қалап, оны нығайту
жолындағы фиқһ ғұламаларының жасаған қызметін дін
ғұламалары былай баяндайды:
«Фиқһ ілімінің дәнін
Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) екті, Имам Әлқама өніп
шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи піскен
астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тарт-
ты, Имам Әбу Юсуф ұннан қамыр жасады, Имам
Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге
дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды
жеп келеді»
.
Негізінде «фиқһ» сөзі «терең, жан-жақты түсіну» де-
ген мағынаны білдіреді. Фиқһ пәні ғибадат, қоғамдағы
өзарақарым-қатынас, әдет-ғұрыптардыңшариғатқасәйкес
тәртіп–қағидалары мен оның қайнар көзін үйретеді. Бұл
саланың маманын фақиһ (мұсылман заңгері) деп атайды.
Әли ибн Әбу Талиб (600–661) пен Абдулла ибн Масъ-
уд (р.а.) (590–653) Куфа қаласында шариғат жөнінде білім
беретін орталық құрып, Құран кәрім мен сүннет бойын-
ша тәлім-тәрбие істерін жүргізген алғашқы сахабалар еді.
Кейінірекбұлбілімордасыншариғатілімініңғалымы,ұлық
сахаба Абдулла ибн Масъуд (р.а.) басқарып қалады. Ол
туралы хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз:
«Ибн
Масъудтың айтқандарын бұлжытпай орындаңдар»
, –
деген. Бұл кісі Куфада Құран Кәрім мен хадис шәріптен
сабақ беріп, шариғат ғылымының мамандарын дайында-
ды.
Олардың бірі – Әлқама ибн Кайс (р.а.). Ол – Омар,
Әли, Әбу Дәрда (?-652), Айша, Саъд, Хузайфа, Халид, ибн