Previous Page  5 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 96 Next Page
Page Background

5

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

«мәшһур», «ғариб» сияқты қуаттылық жағынан үкім

шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Құран аяттары

мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін

жалпы халықты былай қойғанда, араб тілін жетік білетін

мамандардың өзі ара жігін ажыратып, пәтуа шығаруы

мүмкін емес. Белгілі мәселеде пәтуа шығаратын адам ал-

дымен мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аят-

тарына мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса

сол мәселедегі әз сахабалардың айтқан сөздері мен берген

пәтуаларын әрі кейінгі келген мүжтаһид ғұламалар мен

замандас ғалымдардың көзқарастарын және жергілікті

халықтың менталитеті мен жағдайын жақсы білуі қажет.

Бұларды кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап,

аражігін ажыратып, шариғи үкімшығара алмайтындықтан

Әбу Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін,

мантық-қисын, фиқһ негіздерін, т.б. ислами ілімдерді

жетік білген мүжтәһидтің шығарған үкімдерімен жүруге

мұқтаж. Өз бетінше әрекет етуші жолдан адасуы әбден

мүмкін.

Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар ара-

сында діни қайшылықтар тумады. Өйткені, хазіреті

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және

өзінің даналығымен мәселеніңшешімін айтып, дер кезінде

алауыздықтың алдын ала білді.

Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмметін:

«Ей,

иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз

араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара

бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алла-

дан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет күніне

сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы әрі

тиімді»

(«Ниса» сүресі, 59-аят), – деп ескертеді.

Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте

қамтылған.СондықтанхазіретіМұхаммедпайғамбарымыз