Previous Page  4 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

4

Әбу Ханифа мәзһабы, мәні мен маңызы

Ислам – он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатты сенімі

мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілік

пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа шақырып

келе жатқан Алла тағаланың бірегей діні. Тарих сахнасы-

на көтерілгеннен бері, өмірдің өзі көрсеткендей, Ислам

дінінің ғылым–білім мен өркениеттің сарқылмас кәусар

бұлағы екендігін әлем мойындауда.

Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзінен

Әбу

Насыр әл-Фараби (870–950), Әбу Әли Ибн Сина (980–

1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050), Ұлықбек (1394–

1449), Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр (1483–1530) мен

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) секілді кемеңгер

ғұламалар мен көрнекті мемлекет қайраткерлерін берді.

Олар ғылымның көптеген саласына жол ашты.

Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі

ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты

ислам ғұламасы, фиқһтың (мұсылман заңы) білгірі

Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған Ха-

нафи мәзһабын (діни құқықтық мектеп) ұстанып келеді.

Осы орайда, әуелі фиқһ пен мәзһабтың ерекшеліктеріне

тоқтала кетейік.

Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны біл­

діреді. Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы

Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарас­

тар жиынтығына «мәзһаб» делінеді. Шариғат үкімдерінің

қайнар көзі болып табылатын Құран және хадистің әрбір

сөзініңбірнешеастарлы,тереңмағыналары,түсусебептері,

тіпті кейбір себептерге байланысты хадистердің бір-біріне

қарама-қайшы келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы

сияқты көрінетін жерлері де бар. Және хадистердің «са-

хих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи», «ха-

сан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған» «мутауатир», «ахад»,