Previous Page  184 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 192 Next Page
Page Background

184

Жанұя жарасымы

үстінен ағатын тер мен ірің

»,– деп жауап берді (Са-

хих әл-Мүслим). Ал енді тойға келген қонақтардың тер

аралас ірің ішуіне себеп болу қаншалықты орынды.

Бүкіл меймандарға, құдаларға, соның ішінде екі жасқа

«Алып қойыңдар» деп осындай жиіркенішті нәрсені

ұсынатындай бізге не болған? Құдай бетін аулақ етсін,

жаңа үйленгендер де арам судан ұрттап қойып, Қиямет

күнінде әлгіндей азапқа ұшырап жатса, ол ата-ананың

тойларына тартқан сыйы болғаны ма? Бұл қастандық

емей не?

Үшіншіден, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

хадистерінің бірінде былай деген: «

Кімде кім мас

қылушы ішімдік ішсе, бірақ мас болмаса, ол (ішімдік)

денесінен немесе қан тамырларынан толық ада болып,

арылмайынша, (ол пенденің) бір де бір намазы қабыл

болмайды. Ал егер де мас болса, онда Алла қырық күн

бойы оның намаздарын қабыл етпейді. Осы күйде жан

тапсырса, кәпір болып өледі

».

Бұл хадис тіпті ауыр. Адамның намазы қабыл бол-

маса, оның қай ісі оңады? Қай тірлігі берекелі болады?

Ал жаман айтпай жақсы жоқ, күнделікті айналамыз-

дан талай жағдайлар мен тағдырларды өз көзімізбен

көріп жүрміз ғой. Ажал батыр адамдарды жас, кәрі деп

талғап жатқан жоқ қой! Солар секілді жаңа үйленген

жастардың бірі сол ішімдікті ішкен күні алда-жалда

Алла құзырына қайтып кетсе, олардың ақыры не

болмақ? Оның артынан «Балам, жаның жаннатта бол-

сын» деп қанша тілегенмен, еңіреп жылағанмен пай-

да бола ма? Жоғарыдағы анық хадиске қарасақ, пайда

болмайды. Сондықтан бұл да ата-ананың өз баласына

жасаған қастандығы болып шыға келеді.