179
Бала болашағымыз
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің
бірінде: «Білім іздену – әрбір мұсылманға парыз» деген.
Бірақ қандай білім парыз деген сұрақ туады. Имам
Ғазали дәл осы мәселеде жиырмадан астам пікірлер бар
дейді. Біреулер, сенім парыз десе, екіншілер шариғат
негіздері парыз деген ойды алға тартады. Міне, солардың
қатарында бұл хадисті негізгі тәрбиеге қатысты деп
қарастыруға болады.
Алла тағала перзенттерімізді жастайынан тәрбие
уызына жарытуды жазсын. Осындай ұлы міндетті
атқаруға жеңілдік берсін.