177
Уызға жарымаған тәрбие
Балаға жастайынан берілуге тиіс діни, рухани,
мәдени құндылықтарды бір ауыз сөзбен «негізгі
тәрбие» немесе қазақы қолданыста «тәрбиенің уызы»
деп атауға болады. Әр ұлттың өкілі негізгі тәрбиені
өз елінде қалыптасқан дәстүр бойынша береді. Бірақ
бүкіл елдерге ортақ тәрбие негіздерінің бар екенін естен
шығармауымыз қажет. Мысалы, «балаға діни тәрбие
беру» деген мәселе кез келген ұлттың немесе сенімнің
өкілдерінде де кездесуі мүмкін. Алайда бұл тақырыптың
астарында қамтылатын мазмұн әр елде әр қилы болып
келетіні анық. Мысалы, мұсылманда перзенттеріне бір
Аллаға, ақирет күніне сенуді үйретеді, оларға ардақты
Мұхаммед пайғамбарымызды (с.а.с) танытады. Намаз
оқуға, мешітке баруға баулиды. Ал христиандар,
үштікке сенуді, шіркеуге баруды үйретеді. Осылайша
әр сенімнің өкілі өзінше бір тәрбие береді. Қысқасы,
негізгі тәрбие дегенде, ұл-қыздарымызды ана тілімізді
уызына қандыру, ата дініміздің құндылықтарын үйрету,
ұлттық салт-дәстүрлерімізді меңгертуді еске аламыз.
«Уызына жарымаған» деп осы негізгі тәрбиені түрлі
себептермен ала алмаған адамдарды айтуға болады.
Әрине, өз тілін білмей тұрғаны, өз дінін үйренбегені
немесе салт-дәстүріне немқұрайлы қарауы үлкен
кемшілікке жатады. Мұндай кемшілікті «заманның
талабы» деп жылы жауып қоя салуға болмайды. Егер
де бір ата-ана өз перзентін уызына жарытпаса, оның
келешек өміріне өз қолымен балта шапты деген сөз.
Мысалы, бір қазақ бір қазаққа: «Сіз қазақша білмейсіз