Previous Page  175 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 192 Next Page
Page Background

175

Бала болашағымыз

емес. Сондықтан, Имам Мәлик: «Жаманшылық ашық

жасалатын мекеннен көшу керек. Өйткені жамандық

жасырын жасалса, ол жасаушының өзіне ғана зиян. Ал

жария жасалса және тоқтатылмаса, әркімге де залалы

тиеді» деген тұжырым жасаған. Мысалы, бір ауылда

арақ, шарап ашық түрде ішілетін болса, оның бүкіл

қоғамға, әсіресе жас балалардың келешегіне үлкен кесір

келтіретіні анық. Имам Мәлик ондайды тоқтату керек

деп бекер айтып отырған жоқ.

Кейбіреулер «Бізде демократия, әркім өз білгенін

істейді» деген ойды алға тартуы да мүмкін. Жоқ. Олай

емес. Шын демократияның заңдылығына келсеңіз, бір

ауыл немесе бір аудан бір ғана жеке адамның сатып

алған жері емес. Бүкіл тұрғындардың игілігіне жарауға

тиіс ортақ мекен. Сондықтан ешкім де ішкен арағымен,

жасаған ұрлығымен, айтқан бейәдеп сөздерімен

біреудің жақсы баласына зиян келтіруіне құқы жоқ.

Қылмысы мен күнәсін үйінен шықпай отырып жаса-

уы керек. Міне, нағыз демократия деген осы. Ендеше,

перзентінің келешегіне жаны ашитын адамдар шама-

лары келгенше өз ауылдарында ашық жасалып жүрген

жаманшылықтарға бөгет болуға тиіс. Біздіңше, Төле

би, Қазыбек, Әйтекелер, Абай, Шәкәрім, Ахметтердің

көздері тірі болса, өздері өмір сүретін ортаға тәртіп ор-

натар еді. Аузы көпірген маскүнемдерді тыяр еді, бейпіл

ауыздарды әдепке шақырар еді. Жартылай жалаңаш

жүрген қыз-келіншектерге бір тосқауыл қояр еді. Тек

олар емес, бұрынғы көнекөздердің қай-қайсысы бол-

са да осындай «ауылдық терапия» жасар еді. Өйткені

келешектің жарқын болуы бала тәрбиесінен басталады.

Ал бала тәрбиесі қоршаған ортаға тікелей қатысты.