Previous Page  171 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 192 Next Page
Page Background

171

Бала болашағымыз

Баламыз көпшіл болса...

Қазақта «Адамның күні адаммен» деген сөз бар.

Бұл даналықтың астарында адам баласы жеке өмір

сүрмейді, қоғаммен бірге жасайды деген мән жатыр.

Негізінен, бұл мәтел асыл дініміздің қайнар бастаула-

рынан алынған десек қателеспейміз. Өйткені Құран аят-

тары мен Пайғамбар хадистеріне зер салсақ, шынын-

да да, Исламның көпшілікке, әлеуметке арналған дін

екенін, ал адамның сол жамағаттың ішінде өмір сүруге

лайық жаратылғанына көзіміз жетеді. Адам ешкіммен

араласпай, құраласпай, жалқы, дара өмір сүре алмай-

ды. Бұл тұрғыдан келгенде, перзенттерімізді көпшіл,

қоғамшыл етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Мұсылман

кісі ел ішінде қалай өмір сүреді, адамдармен қалай

қарым-қатынас жасайды, кіммен қалай сөйлеседі,

қоғамда өзін қалай ұстайды – мұның бәрі асыл дінімізде

үтір, нүктесіне дейін қамтылған. Құранның бір аятында

былай делінеді:

«Ешбір нәрсені ортақ етпей, жалғыз

Аллаға ғана құлшылық жасаңдар. Одан соң ата-

анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, жоқ-жітікке,

туыс көршілерге, алыс қоңсыларға, жаныңдағы дос-

жораға, жолда қалғанға, сондай-ақ қолдарыңдағы

құл, күң, қызметшілерге ізгілік жасаңдар» (

«Ниса»

сүресі, 36-аят).

Енді елестетіп көріңіз, әр бала өзінің ата-анасына,

жақын туыстарына, жетімдер мен жоқ-жітікке, алыс-

жақын көршілеріне және аятта айтылған өзге де

әлеуметтік топтарға жақсылық жасап, оларды туған

бауырындай сыйлап жүрсе, қоғамда қандай тамаша