Previous Page  169 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 192 Next Page
Page Background

169

Бала болашағымыз

қараусыз өскен бала күні ертең жөні түзу отбасын құра

ала ма? Ондай бала дұрыс әке бола ала ма? Жақсы мен

жаманның, адал мен арамның парқына өзі жете алмай

жүрген бала артына ізгі ұрпақ қалдыра ала ма? Әрине,

жоқ. «Судың да сұрауы бар» деген сол. Ендеше, мал-

дүниені де қайдан тауып, қайда жұмсағанымыз тура-

лы да есеп бермейміз деп ойламаңыз. «Атаның жүгі

атанның жүгі» дегенді де дана қазақ бұл дүниеге ғана

емес, арғы есеп әлеміне де қатыстырып айтса керек. Бұл

айтылғандардан шығатын тұжырым – перзенттер үшін

мал жұмсау керек. Бірақ шектен тыс ысырапшылдыққа

жол беруге болмайды. Сонда Ислам діні бала-шаға үшін

қаражат жұмсауға қарсы ма деген сұрақ туындауы

мүмкін. Жоқ, қарсы емес. Керісінше, соған шақырады,

үндейді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің

бірінде былай дейді: «Адамның асырап отырғандарына

дұрыс қарамауы – оған күнә ретінде жетеді». Тағы бір

хадисінде былай деген: «Бір динар бар Алла жолында

жұмсалған, бір динар бар қызметшілерге берілген, со-

нымен қатар жарлы-жақыбай, міскінге садақа етілген

динар бар. Одан соң отбасың, әулетің үшін жұмсаған ди-

нар бар. Осылардың ішінде ең сауаптысы – отбасың мен

әулетіңе жұмсағаның». Көрдіңіз бе, өз шаңырағымызға

қаражат жұмсаудың сауабы бәрінен де артық бағаланып

отыр. Мұның бір себебі, әркім өз отбасына дұрыс

қараса, жұртқа жалтақтатпай, көңілдерін тоқ етіп өсірсе,

бүкіл қоғам дұрыс болады. Әрине, бұл жерде мәселе

тек перзенттеріміздің тамағын тойдыру ғана емес.

Олардың рухани жетілуі үшін жұмсалған мал-мүлік те

маңызды. Абай атамыз: «Баламды медресеге біл деп

бердім» дейді. Неге медресеге береді. Себебі, баланың