Previous Page  174 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 192 Next Page
Page Background

174

«Ауыл терапиясы» ауадай қажет

Бала тәрбиесінде оның айналасындағы әлеуметтік

және заттық ортаның алатын орны ерекше. Баланың

өмір сүретін үйі, ауылы, қыры, сайы, тауы, тасы, тіпті

желіне дейін жас жеткіншектердің қалыптасуына әсері

бар. Сондай-ақ перзентеріміздің айналасындағы адам-

дар – ата-анасы, бауырлары, туған-туыстары, көршілері,

достары – бәрі де бала тәрбиесіне үлкен үлес қосатын

факторлар. Бұл жағынан алғанда, қоршаған ортаның

әдепті баланы әдепсізге немесе тәрбиесіз баланы

әдептіге айналдыратындай ықпалы бар екенін естен

шығаруға болмайды.

Аяттар мен хадистерде «жамағат», «көпшілік»,

«қауым» деген ұғымдарға көбірек тоқталуының

бір сыры осында. Жамағаттың сау болуы үшін оны

құрайтын жеке адамдар қандай қағидаларға бой ұсынуы

керек? Міне, бүкіл діни құндылықтар осы сұрақтың

айналасына құрылған десек артық айтқандық емес. Сол

себепті баласының екі дүниеде бақытты болуын қалаған

ата-ана барынша мұсылмандықты ұстанатын, бес пары-

зын орындап жүрген ортада тіршілік етуге тырысқаны

жөн. Мысалы, уәдесінде тұрмайтын, аманатқа қиянат

жасайтын, сенімсіз көршілер баланың рухани болмы-

сын әлсірететін себепке жатады. Ислам тарихында тек

тәрбие мақсатында бір жерден екінші жерге қоныс ауда-

рылатын жағдайлар аз кездеспеген. Мысалы, жүз кісінің

қанын мойнына жүктеген қылмыскер бір данышпан-

нан ақыл сұрағанда, оның тәубе етіп, кешірім сұраумен

бірге «пәлен деген елге көш» деп кеңес беруі бекер