180
Атаға қарап ұл өсер...
Балаға көрсетілер үлгі-өнегенің тәрбие құралы
ретіндегі маңызы ерекше. Жаңа қалыптасып жатқан
жас жеткіншекке оның өз айналасынан көрген-білгені,
көңіліне түйгені үлкен әсер етеді. Әсіресе, ата-ананың
жүріс-тұрысы, сөздері, мінез-құлқы, жақсы-жаман
әдеттерінің баланың жеке адам ретінде қалыптасуына
ықпалы мол.
Бала бәрінен бұрын өз әке-шешесіне еліктейді.
Соларға ұқсағысы келеді. Олардың бойындағы
ерекшеліктерді өзіне сіңіріп алуға тырысады. Тіпті
таза мұсылман табиғатпен туылған баланың өзге дінге
өтіп кетуіне де ата-ана себеп. Ардақты Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бір хадисінде: «
Дүниеге келген әрбір нәресте
пәк. Мұсылман табиғатпен туылады. Ата-анасы оны
иудей, отқа табынатын мәжуси я болмаса христиан
етеді
» деп осы ақиқатты білдіреді.
Баланың өтірік, өсек, қызғаншақтық, тәкаппарлық
секілді мінездерге үйрететін де алдымен ата-анасы,
туған-туысы. Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде:
«
Кімде кім баласына: «Келе ғой, мә!» деп шақырып,
содан соң оған ештеңе бермесе, бұл ісі ол үшін өтірік
болып жазылады
» деген. Міне, осылай баланы бала
деп алдай салатын іс-әрекеттер бүгінде аз кездеспейді.
Содан соң бала өтірікті қайдан үйренді дейміз. Өзіміз
темекі шегіп, арақ ішіп жүріп бала-шағамызға одан аулақ
болуды тапсырамыз. Бірақ құры сөзге мойынсұнып
жүрген бала жоқ. Ісіміз басқа, сөзіміз басқа екенін олар
да сезеді. Кезінде Абай атамыз өзінің туған бауыры