Previous Page  182 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 192 Next Page
Page Background

182

Жанұя жарасымы

Тек қайыр мен жақсылық жасау ғана емес, туралық,

шыншылдық, кішіпейілділік, сабыр, тәуекел секілді

барлық көркем мінез үлгілері де алдымен ата-ананың

атқаруымен барып бала бойына сіңеді. Құлшылық та

сондай. Ата-анасы дәрет алатын, намаз оқитын отба-

сында өскен перзенттер де жүріс-тұрысы тұрғысынан

тазалық пен пәктікке жақын болып шығары анық.

Мәселен, әйгілі сахаба Ибн Аббас бүлдіршін кезінің

өзінде алдында намаз оқып тұрған біреуді көре қалса,

жүгіріп барып ол да намаз оқитын дейді тарих кітаптары.

Бір күні ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл жары

болған Мәймуна апасының үйіне қыдырып барғанын

былай деп еске алады: «Түннің бір уақыты болғанда,

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрып, бір ыдыстағы

судан жеңіл дәрет алды. Одан соң келіп намазға тұрды.

Мен де жүгіріп барып сондай етіп әлгі ыдыстан дәрет

алдым. Содан соң келіп Пайғамбарымыздың сол жағына

тұрып алдым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мені оң жағына

қарай жылжытып қойды. Сөйтіп намаз оқыды». Міне,

бұл әйгілі тәпсірші Ибн Аббастың балалық шағы.

Байқап қарасақ, мұнда Пайғамбарымыз балаға намаз

оқы деген жоқ. Бала тек көргенін жасады. Ендеше, кей-

де балаға сөзден гөрі іс өтімді. Мұндай мысалдар аз

емес. Қазақтың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон

пішер» деген аталы сөзі тегін айтылмаған. Сондықтан,

баласын екі дүниеде бақытты болсын деп тілеген ата-

ана оған жастайынан жақсы жағынан үлгі болуға тиіс.

Алла тағала бала-шағасына көркем үлгі-өнеге

бола алатын ата-аналарды көбейтсін. Елдің бірлік-

ынтымағынан ажыратпасын.