178
Жанұя жарасымы
бе?» деп сұрағанда, екіншісі «жақсы білмеймін» десе,
бұдан артық сор, бұдан артық өлім жоқ. Бұлай жауап
беру кімге оңай тисін. Титтей де намысы бар адам
мұндай жағдайда өлердей қысылары анық: Шет тілін
білмеу айып емес. Ал ана тілінде сөйлесе алмау – үлкен
қасірет. Ал енді сол шүлдірлеп тұрған мәңгүрт балаға
кезінде әке-шешесі ана тілін дұрыстап үйреткенде,
балалары осындай күй кешер ме еді. Әрине, жоқ. Дәл
сол секілді мешітке немесе жаназа намазына келген бір
мұсылман екінші мұсылманға «Дәретің бар ма?» десе,
екіншісі «Мен дәрет ала алмаймын» деп жауап қатса не
болады? Бұл да бір, өлім де бір емес пе? Өзін мұсылман
санайтын ата-ананың үйінде өскен бала дәрет алудың
тәртібін білмесе, қандай өкініш. Бірақ мұны жұрттың
бәрі дұрыс сезіне алмауы да ықтимал. Мысалы, кейбір
ата-ана өз перзенттерін ешкімнен кем қылмай киіндірсе,
университет оқытса, содан соң жақсы бір қызметке
тұрғызса, соны жетістік санауы мүмкін. Мысалы,
кей кісілер әңгімесінде: «Құдайға шүкір, балаларды
жетілдірдім, өсірдім, бәрін бір-бір қызметке тұрғыздым»
деп кеуде керіп қалады. Ал баласының ана тілін
білмейтіні, салт-дәстүрден жұрдай, дінінен мақұрым
екенін есепке де алмайды. Сонда бұл мақтаныш қай
мақтаныш деген ой келеді. Тіпті неке қидыруға келген
екі жас мұсылманның куәлігі саналатын кәлиманы тілін
келтіре алмай қиналады. Бұған жастардан бұрын оларды
сонша жыл имани тәрбиеден жырақ қалдырған ата-
ананың ұялғаны дұрыс. Баласына алғашқы тәрбиенің
уызын берсе, сонда мақтанса жарасады. Ұл-қызы ана
тілінде сайрап тұрса, намазын оқып, дінін ұстанып
жүрсе, салт-дәстүрге келгенде жолын білсе, ата-ананың
нағыз абыройы сол болса керек.