176
Жанұя жарасымы
Әлемге әйгілі психолог Артур Томас Джерсильд
«Бала психологиясы» деген еңбегінде былай дейді:
«Баланың физикалық денесі сырттан алынған азық-
түлік арқылы қоректенетіні секілді ақыл-ес бітімі
қоршаған ортасынан алынған және тумысынан берілген
нәрселердан нәр алады».
Әрине, қоршаған ортаның шеңбері өте кең. Мыса-
лы, әр баланың өз отбасы қоршаған ортасына жатады.
Ендеше, бір үйде әке мен шешенің арасындағы татулық-
бірлік, балалар арасында бауырмашылдық, олардың
біріне бірі бағынуы, бірінің айтқанына екіншісі көнуі,
барлығы бірге құлшылық жасауы, кітап оқып білім
іздеуі, Аллаға дұға жасауы, жүйелі түрде уағыз айты-
луы – бәрі де осы ортаны жақсы етудің шараларына
жатады.
Алла тағала әрбір перзенттің қоршаған ортасын
иманды, әдепті, пайдалы етсін.