181
Бала болашағымыз
Тәкежан мен жеңгесін осы бала тәрбиесі жөнінде өткір
сынаққа алғанын білеміз. Естеріңізде болса, хәкім ата-
мыз былай дейді:
Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.
Бұл өлеңнің қашан және қандай жағдайда айтылғаны
«Абай жолы» романында да жан-жақты суреттелген.
Мұндағы мәселе ата-ана өз баласына: «Қолыңдағыны
тығып же, анау кедей-кепшікке көрсетпе! Өзіңнен
тұрмысы төмен балалармен ойнама!» деген секілді
азғырынды тәлім бермеуі керектігінде. Сондай-ақ әлгі
өлеңнің жалғасында:
«Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай», – деп
мейіріммен, жанашырлықпен, жылылық, жұмсақтықпен
жарлы-жақыбай көршілерге қарайласудың жоқтығы
әшкереленеді. Әрине, үйінде жатып ішер, жалқаулардың
ісі бөлек. Олар еңбек етуді үйренгені дұрыс. Ал шынын-
да да, қанша еңбек етсе де, қысқа жіпті күрмей алмай
жүрген қаншама отбасылар бар. Мейірімді мұсылмандар
қараспаса, олар өздігінен аяғына тұра алмайды. Мыса-
лы, бес-алты баласымен тар әрі суық үйде тұратын, бір
тойып ас ішуге зар, күндері біреудің жыртық-жамау ескі
киіміне қарап отырған отбасылар да елімізде кездеседі.
Екінші жақта не ішем, не кием демейтін, дәурені жүріп
тұрған шаңырақтар да бар. Міне, сондай дәулетті кісілер
бала-шағасына көрсетіп тұрып, елге жақсылық жасауы
тәрбие тұрғысынан өте маңызды. Сондай ізгі істерді
көзімен көріп өскен жас өркендер өздері де өскен соң
қайырымды, мейірімді болады.