Previous Page  183 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 192 Next Page
Page Background

183

Өз перзентімізге қалайша қастандық

қыламыз?

Құрметті ағайын! Құдай тойдан кенде қылмасын.

Қазір жер-жерде тойдың қызу науқаны жүріп

жатқаны аян. Біреулер қыз ұзатып, енді біреулер ұлын

үйлендіруде. Бір қызығы, ата-ана оларға той жасап

береді. Бұны ұл-қызын жақсы көргені ғой деп ойлай-

мыз. Ал, бірақ тойдың дастарханына қылтитып арақ-

шарап қойғанын көргенде, олардың өз бауыр еті бала-

шағасына қастандық ойлайтын неткен тасжүректер

деген пікірге келесіз. Неге дейсіз бе? Оның себебі көп.

Бірқатарына ғана тоқталайық.

Біріншіден, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Арақтан

сақтаныңдар, ол барлық жамандықтың кілті

» деп

ашық айтқан. Жер бетінде қанша жаманшылық болса,

соның бәрінің бір шеті арақпен байланысып жатады.

Ал енді сүйікті бала-шағамыздың өміріндегі ең үлкен

қуанышына осынау жаманшылықтың көзін өзіміз

әкеліп қоямыз. Бұның астарында көптеген жағымсыз

мән жатқан жоқ па? Өз ұрпағымызға жаманшылық

тілейтіндей бізге не болған, ағайын! Есі бар ата-ана «ұл-

қызым бақытты болсын, өмірлері таза болсын» деп той

дастарханын арам судан тазартуы керек емес пе?

Екіншіден, Алла елшісі (с.ғ.с.): «

Әрбір мас қылатын

ішімдік – арам, мас қылатын нәрсені ішкен адамға

Алланың уәде еткен «улы балшықты» ішкізетін жа-

засы бар» деді. «Улы балшық» не нәрсе деп сұралғанда,

Пайғамбарымыз: «Ол тозақ отына жанғандардың