173
Бала болашағымыз
барған жерінде үлкендермен аралассын, құлағына жақсы
әңгімелерді құйып өссін деген мақсаттан туған дәстүр.
Бұл ретте үлкендер қауымына да бірқатар міндеттер
жүктеледі. Балаға мейіріммен қарау, жылы сөз айту,
көркем түрде сәлемін алу, құшақтау, бауырына басу,
басынан сипау, маңдайынан иіскеу, үйге келген балаға
құрт, ірімшік, тәтті ұстату, тіпті қажет болса олармен
әзілдесу – мұның бәрі үлкендер қауымына қойылатын
талаптар. Ендеше, қара домалақтарды көпшіл етуге
үлкендер де аянбай үлес қосса екен деген тілектеміз.