168
Отбасымызға қаражат жұмсай білу
Бала-шағаның ішіп-жеуі мен киім-кешегіне, оқуы
мен тәрбиесіне қаражат жұмсау ата-ананың міндеті ғана
емес, Алланың құзырында мол сауапқа кенелудің бір
себебі. Сондай-ақ бала үшін жұмсалған мал-мүліктің
тәрбиежөнінен де маңызы зор. Әсіресе, перзенттеріміздің
қамы үшін мал-мүлік шариғат шеңберінен шықпаса,
шектен тыс ысырапшылдыққа жол берілмесе, сараңдық
танытылып балалардың қажеттілігін өтей алмайтын-
дай тым аз да жұмсалмаса, мұның өзі өсіп келе жатқан
баланың тәрбиесіне мол әсер етеді. Құран кәрімде Алла
тағала былай деп бұйырған: «
Мүмкіндігі барлар соған
қарай көбірек берсін, ал жағдайы жоқтар шамала-
ры келгенше жұмсасын
» («Талақ» сүресі, 7-аят). Бұл
аятқа қарасақ, отбасына қаражат жұмсаудың өзі кісінің
материалдық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Алайда
бұдан еркектер әйелдері мен ұл-қыздарын шектен тыс
еркелетіп, шолжаңдатып жіберсін деген қорытынды
шықпайды.
Ата-ана перзентіне не берсе, соның сұрауын да алып
отыруы керек. Мысалы, ұлыңызға немесе қызыңызға
көлік сатып әперсеңіз, ол көлікпен қайда барып
жүргенінен де хабардар болуымыз керек. Күнделікті
қаражат беретін болсақ, оның қайда жұмсалып жатқанын
байқауға міндеттіміз. Өйткені кейде өз баламызды өзіміз
құрдымға батырып жүрген болуымыз да ықтимал. Күн
демей, түн демей еңбек етіп, аузымыздан жырып бер-
ген ақшаға балалар темекі тартып, сыра ішіп, құмар
ойнап, білгенін істеп жүрсе қандай өкінішті. Осылай