166
Жанұя жарасымы
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті қызы Фатима толғақ
үстінде жатқанда, Алла елшісі (с.ғ.с.) оның қасына
Үммү Сәләма және Зәйнәб бинт Жахш деген екі әйелді
жіберді. Оларға Фатиманың қасына барып, сол жерде
«Аятүл Курсиді», «Ағраф» сүресінің 54-аятын, «Юнус»
сүресінің 3-аятын, сондай-ақ «Фәлақ», «Нас» сүрелерін
оқуды тапсырды. Бұл бүгінгі акушерлік салада назар ау-
дарылмай жүрген мәселе болса керек. Ендеше, бала бо-
сандырумен айналысатын дәрігерлер, медбикелер атал-
мыш сүрелерді жаттап алғандары жөн. Сәл қиналған
әйелдің баласын қарнын жарып алуға асықпай, сүннет
бойынша аталмыш сүрелерді оқығандары дұрыс.
Тағы бір хадисте былай делінген: «Егер де бір
әйелдің босануы қиындап кетсе, (онда қасындағылар)
бір ыдысты алып, оған «Ахқаф» сүресінің 35-аятын,
«Назиғат» сүресінің 46-аятын және «Юсуф» сүресінің
111-аятын жазады. Содан соң сол ыдысты жуады да,
онымен әйелге су береді, ішіне және ұятты жеріне сол
ыдыспен су шашады».
Аталмыш аяттарда былай делінген: «
Олар бейне
бір уәде етілген азапты көрген күні дүниеде небәрі
күндіздің бір сағатындай ғана қалғандай сезінеді. Бұл
бір насихат. Құранмен амал етпейтін пасықтардан
өзгелер құрдымға батырыла ма?
» («Ахқаф» сүресі,
35-аят)
«
Олар сол ұлы күнмен бетпе-бет келгенде, (пәни)
дүниеде бір кеш немесе бір таң ғана өмір сүргендей
болып сезетін болады
». («Назиғат» сүресі, 46-аят)
«
Шын мәнінде, олардың қиссаларында ақыл
иелері үшін әлбетте ғибраттар бар
» («Юсуф» сүресі,
111-аят).