Previous Page  167 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 192 Next Page
Page Background

167

Бала болашағымыз

Сондай-ақ босанып жатқан ананың да аузынде Ал-

ласы болуға тиіс. Ертеректе Мансур ибн Аммар деген

кісі болыпты. Анасы бір күні толғақ қысып қинала бас-

тайды. Қиналып жатып: «Әй, Мансур, әкеңді шақырып

келші» деп өтінеді. Сонда жағдайды көріп тұрған бала:

«Анашым, сіздің бұл жағдайыңызда Жаратушы ғана

көмектеседі. Әкемді шақырып қайтесіз?» дейді. «Балам-

ау, өлетін сәтім келді ғой, барсаңшы енді» дейді. Сонда

Мансур: «Шын жүректен, «Я, Алла ағисни (Уа, Алла,

көмек бер!) деп айт», – дейді. Анасы дәл осылай айтқаны

сол екен, жеңілдік сезіне бастайды. Сөйтіп аман-есен

босанады.

Ендеше, босанатын әйелдерге айтарымыз, қиналған

шақта бар ықыласпен Алладан жәрдем тілеуі керек.

Алла тағала дүниеге сәби әкелуші аналарға жеңілдік

берсін.