163
Бала болашағымыз
мен әкесінен, өмірлік жары мен бала-шағасынан
қаша жөнеледі
» («Абасә» сүресі, 34-36- аяттар). Неге
қашады? Өйткені дүниеде оларға Алланың шариғатын
үйретпеген. Бір-бірінен қашқанмен мәселе бітсе жақсы.
Алайда онымен іс бітпейді. Алланың сансыз нығметіне
бөленіп жүріп, Исламды перзенттеріне үйретпеген ата-
аналар да, ақыл-есі бүтін бола тұрып өзінше ізденбеген
перзенттер де ол күні міндетті түрде жауапқа тар-
тылады. Міне, мәселеге осы тұрғыдан келсек, бұл
дүниеде ешбір тәрбие жүйесі Исламға тең келе алмай-
ды. Сондықтан құрметті ата-аналар бала тәрбиесіне
күш салам, қаражат жұмсаймын десе, алдымен оның
мұсылмандық тәрбиесіне көңіл бөлулері тиіс.
Абай хәкім бір өлеңінде былай деген:
«Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
шариғатқа шаласы.
...Ижтихатсыз, михнатсыз
табылмас ғылым сарасы».
Ендеше, перзенттерімізді тек қана эканомика, заң,
кеден, мемлекеттік басқару салаларына оқуға беру
жеткіліксіз. Соған қоса, мұсылмандық тәрбие де керек.
Енді мәселеге қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан
келейік. Біз бүгін ислами тәрбиеге дұрыс көңіл
бөлмегендіктен, мұсылман елдері экономика сала-
сында да, техника технология саласында да көштің
соңында келеді. Балаға дұрыс тәрбие мен дұрыс білім
берілмеген соң, бүгінде мұсылмандыққа жабылмаған
жала, тағылмаған айдар жоқ.
Дүниемізді мұсылманша тәрбиеге жұмсағымыз
келмейді. Соның салдарынан ел-жұрттан бақ-береке,