165
Ана толғағы қайтсе жеңілдейді?
Ислам діні өмірдің барлық кезеңін түгел қамтиды.
Ананың босану кезіндегі қиындықтардың өзі Ислам
дінінің назарынан тыс қалмаған. Сондықтан бүгін
осы мәселенің әйелдерге қатысты жағын қысқаша
қозғап өтуді жөн көрдік. Себебі қазір ардақты
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы саладағы өсиеттері
көбінесе ескерілмей жүрген секілді.
Жалпы, ананың ерекше қиналып, өмір мен өлімнің
арасында жатып дүниеге сәби әкелетіні мәлім. Оны
бала туған әйелдердің өздері ғана жақсы сезінсе керек.
Алайда босану кезінің қиындығы жайлы Құранда ха-
барлар бар. Мысалы, Мәриям анамыздың босану кезі
жайлы Құранда былай делінеді: «Мәриям жүкті болып,
құрсағындағы баланы көтерген күйде елден жырақ
(алыстау) бір жерге шықты. Содан соң қатты толғақ оны
құрма ағашынан жабыса ұстап алуына мәжбүрледі. Сол
кезде ол: «
Әттең-ай! Осы іс басыма түспей тұрып,
ертерек өліп кетіп, атым да, затым да ұмытылып
кеткенде етті
» деп налыды». («Мәриям» сүресі, 22,
23-аяттар).
Бұл аяттың астарында бүгінгі таңда ескерілуі тиіс
көптеген мәселе бар. Біріншіден, хазірет Мәриям секілді
қайсар, тақуа, діндар әйелдің өзі толғақ қысқанда, ау-
зына өлім туралы сөз алды. Екіншіден, осыған қарап-ақ
бізді туған аналар қаншалық құрметке лайық екенін
бағалай берсек болады.
Енді осылай қиналғанда әйелдер не істеуі керек?
Ислам бұл жайлы не дейді? Соған тоқталайық. Ардақты