160
Жанұя жарасымы
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде:
«Төрт нәрсе – бақыттан. Олар: ізгі әйел, кең баспана,
ізгі көрші, жүйрік көлік», – деген. Ендеше, көршісі жа-
ман кісі толық бақыттымен деп айта алмайды. Көршісі
жаманның балалары да дұрыс жетілмейді. Өйткені біз
қаласақ та, қаламасақ та, балалардың көбінесе тәлім-
тәрбие алатын жері – көше мен аула.
Әрине, көшеге шыққан баланың бәрі түгел бұзылып
кетеді дей алмаймыз. Алайда жас шыбықтай өсіп, әлі
қалыптаса қоймаған бала айналасындағы жақсылықты
да, жамандықты да талғамай үйрене береді.
Байқап қарасақ, балалар былапыт сөздер мен жаман
қылықтарды, өтірік, өсекті көбінесе көшеден үйренеді.
Төбелес, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылықтың, бос
қылжақ пен жеңілтектіктің, басқа көптеген қылмыс-
күнәлардың ең бастапқы «үйірмесі», «мектебі» осы
көше тәрбиесі десек артық айтқандық емес. Кім де кім
бала-шағасына дұрыс қарамай, бетімен жіберсе, көп
кешікпей олардың осы аталған жаманшылықтарға үйір
бола бастағанын байқайды. Осы тұрғыдан қарағанда,
көршілер мен тұратын ауданның мұсылмандыққа,
ынтымақ-бірлікке жақын болғаны өте маңызды.
Мәселен, үйіміздің маңында мешіт болғаны қандай,
түнгі клубтар мен кафелердің болғаны қандай? Ол
жағын саралау қиын емес. Мешітке үйір балалар бір
жерде жиналса, дөрекі былапыт сөздер айтпайды,
әдепсіздік жасамайды, бірін-бірі темекі шегуге, сыра
ішуге шақырмайды. Олар бірін-бірі намаз оқуға, Құран
жаттауға, адамдарға жақсылық жасауға, көркем мінезді
болуға үндейді.
Ендігі мәселе біз өмір сүретін ауданда аузы дуа-
лы, батагөй ақсақалдардың көп болса, бала тәрбиесіне