Previous Page  157 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 192 Next Page
Page Background

157

Бала болашағымыз

шаруаға пысықтығын ғана ескеру жеткіліксіз. Кез кел-

ген сұлулық мәңгі емес. Түсі оңбайтын, өңі қашпайтын

мата жоқ. Сондықтан дүниеге Алла тағалаға құлшылық

ететін, игілікті істер атқаратын, ата-анасын қадірлейтін,

Қияметте ардақты Пайғамбарымызды қуандыратын,

еліне пайдалы ізгі ұрпақ әкелу бәрінен бұрын жар

таңдауға байланысты.

Қазақта «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер»

деген тәлімді сөз бар. Ана Алланың шариғатына мән

бермесе, намаз оқымаса, Аллаға дұға етіп мінәжат жа-

самаса, соны көріп өскен перзенттердің Құдайға қандай

құл боларын өзіңіз болжай беріңіз.

Ертелі-кеш телесериал көру, тамақ ішу, жа-

тып ұйықтау, айнаның алдында таранып-сыланып

отырғаннан әрі аса алмаған аналар бала-шағасына одан

артық тәрбие бере алмайды. Ал темекі тартып, сыра

ішуден арланбайтын әйелдердің ұл-қыздары да әдеп пен

көркем мінезге ие болып шығады деп сену қиын.

Анасы әдепсіз болса, баласы ұялатыны тағы бар.

Кез келген перзентке «сенің шешең жаман» деген ай-

ыптаушы сөзден артық соққы жоқ.

Ертеде Әбул Әсуад деген кісі балаларына: «Мен

сендер кішкентай кезде де, есейген кездеріңде де, тіпті

дүниеге келмей тұрғандарыңда да жақсылық жасадым»,

– депті. Сонда перзенттері: «Кішкентай күніміз бен

есейген шағымыз түсінікті, бірақ біз туылмай тұрғанда

қандай жақсылық жасадыңыз?» деп сұрайды таң қала.

– Мен сендер кейін ұялып, қысылмайтындай ана

таңдадым, – дейді әкесі.

Сүйікті Пайғамбарымыз хадистерінің бірінде:

«

Қоқыста өскен әдемі гүлге қызықпаңдар

» деп

ескерткен. Бұл әйелдікке таңдалған кісінің өскен орта-