155
Бала болашағымыз
баланың тәрбиесі үлкен жауапкершілікті, көп еңбекті
талап етеді. Бұқар бабамыз: «Қыз он беске келгенде,
шашынан көп жаласы» деп толғаған. Шал ақын болса,
бір өлеңінде: «Қыз он беске келгенде мау тартады, Ата
менен енеге жау тартады. Екі көзі, ел көшсе, төңіректе,
Шарасыздың күніне жүк артады» деп біраз шындықтың
басын ашады. Бұл кезеңде бала-шағаны бәледен, жа-
ладан, кесірден, кесапаттан сақтаудың бірден бір
жолы – оларды құлшылыққа баулу. Өйткені ардақты
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сен нәпсіңді
құлшылыққа салмасаң, нәпсің сені күнәменен әуре
етеді» деген.