151
Бала болашағымыз
сүресі, 6-аят). Түсінген адамға бұл өте үлкен ескерту.
Ертең Қияметке барғанда, «Бәрі де кеш болыпты» деп
сан соғып өкінбеуіміз үшін Раббымыз ол жайлы алдын
ала ескертіп отыр. Ол дүниеде ешкім де бұны естімедік,
көрмедік дей алмайды. Өйткені Құранда бұл мәселе
анық айтылған. Ал енді бала-шағаны азаптан құтқарып
қалудың бір ғана жолы – оған ислами тәрбие беру. Мы-
салы, бұл дүниеде өз баласының қиналып, азапталып
жатқанын ешкім де көргісі келмейді. Ал арғы дүниеде
ше? Әрине, жоқ. Олай болса, ата-аналар Жаратушы
иеміздің ұлы ескертуіне құлақ асулары керек. Әзірге
көрінбейтін ғайып нәрселер мүлдем жоқ деген сөз
емес. Олардың бәрі қабірге дейін-ақ көрінбейді. Одан
әрі қарай бәрі де басталады. Перштелердің де, сұрақ-
жауаптың да, рахаттың да, азаптың да бар екеніне сол
кезде көзіміз жетеді. Олай болса, баласына жаны аши-
тын әке-шеше осы жағын ескермесе болмайды.
Осы тұста халық арасында көп кездесетін мына бір
жағдайды ескерте кетейік. Егер бір ата-анаға келіп «Неге
балаларыңызға дұрыс ислами тәрбие бермейсіз?» деп
сұрасаңыз, «Құдай санасына берсін! Алла бермесе, мен
ештеңе жасай алмаймын» дейді. Кейбіреулер «Пәлен
адамның әкесі арақ ішкіш еді. Баласы қандай азамат
болып шықты. Оны кім тәрбиеледі сонда» дегенді алға
тартады. Тағы біреулер: «Пәлен кісі баласын қанша
тәрбиелесе де, дұрыс болып өспеді» дейді. Тіпті дінді
білетін кісілердің өзі: «Қарасаңшы, хазірет Мұхамед
те өз ағасын тура жолға сала алмады ғой» деуі мүмкін.
Бір қарағанда, дұрыс-ақ. Алайда тереңдеу үңілсеңіз,
мұның бәрі бала алдындағы ауыр міндеттен қашудың
сылтаулары ғана. Әйтсе де, Алланың құзырында мұндай
себептер сылтау бола алмайды. Дұрыс, әркімді де тура