Previous Page  148 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 192 Next Page
Page Background

148

Жанұя жарасымы

да, туысымыз да келер. Қабірімізге бір уыс топырақ

салып, артымыздан оқылған Құранға бет сипар. Бірақ

ағайынның ісі сонымен тамам. Тірі адам тіршілігін

жасап кете барады. Айында немесе жылында бір еске

алса алар, болмаса ол да жоқ. Ал ізгі перзент ондай

емес. Әр намазынан кейін: «Уа, Алла тағалам, ата-

анамды кешіре гөр!» деп дұға тілейді. Бұл мәселенің

шын дүниеге қатысты жағы. Дүние тіршілігінде де

ата-анасын қадірлеп, қастерлеп, төрінен түсірмей,

жылы-жұмсағын аямай асырап отырған қаншама ізгі

перзенттер бар. Бірақ кез келген бала осыны жасай

ала ма? Біздіңше, жоқ. Баланың жақсы болуы оның

мұсылманша тәрбие алуына байланысты. Баламызға

имандылық дәрістерін қаншалықты көп үйретсек, олар-

дан да екі дүниеде соншалықты мол жақсылық көреміз.

Сондықтан пайғамбарлардың өзі Алладан ізгі ұрпақ

сұрап дұға еткен. Ыбырай атамыз: «Баладан қайыр бол-

маса, баланы неге сұрайды» деп қандай тамаша айтқан.

Ендеше, ата-анаға керегі баланың қайырлысы.

Иә, Алланың адам баласына нәсіп еткен нығметтерін

санасақ тауыса алмаймыз. Бірақ бұл дүниеде баланың

орны, әрине ерекше. Перзенттің қадірін бір перзенттің

жоғынан зар илеп қиналып жүргендер біледі. Бірақ

осыған қарамастан, баланың қадірін білмей жүрген

безбүйрек ата-аналар да, өкінішке қарай, жоқ дей ал-

маймыз. Туа сала қоқысқа тастап кете баратын са-

насыз, сезімсіз, арсыз, азғындар өз алдына, мүгедек

перзенттерін бейшара ананың қолына тастап, өздері

өзге әйелдің жетегінде кеткен имансыз әкелер де

қоғамда ұшырасып жүр. Өздерін адам санап жүрген

мұндай тас жүректер ертеңнен қандай үміт күтеді? Ол