144
Жанұя жарасымы
Қоғамға құдайлық тәрбие қажет
Адам өмірінде тәрбиенің алар орны үлкен. Әсіресе,
бүгінгідей қызығы мен шыжығы, бұзықтығы мен бүлігі
мол кезеңде тәрбие – қоғамның ең үлкен қажеттілігі,
бүкіл ел болып көңіл бөлетін ең ірі сала десек артық
айтқандық емес. Алайда бала тәрбиесін көп адам
бұйрықтар мен тыйымдардың жиынтығы ғана деп са-
найды. Баласының тәрбиесінде «Балам, ол болмайды,
бұл болмайды», «оны үйтпе, мұны сүйтпе» немесе
«мына істі жасасаңшы», «ана жұмысты атқарсаңшы»
дегеннен әрі аса алмай жүрген қаншама ата-ана бар.
Ақыр соңында осылай берген тәрбиесі жеміс бер-
мей, бармақ шайнап өкініп жүрген үлкендер де аз
кездеспейді. Егер тәрбие жақсы болса, айналамыздағы
бұзақылықтар қайдан шығып жүр? Не себепті бір үйдің
бала-шағасы бір-бірімен тонның ішкі бауындай тату
емес? Темекі тартып, сыра ішуді жетістік санайтын жас
жеткіншіктер қайдан шығуда? Күн демей, түн демей
құмар мен ойынханаларды торуылдап жүрген ұлдар
мен қыздар кімнің бала-шағасы? Бесіктен белі шықпай
жатып, дөрекі сөздерге бой алдырған бүлдіршін бала-
лар қандай үйден шығып жатыр? Неге туған баласы
ата-анасына сөз қайырады? Сөз қайыру былай тұрсын,
әке-шешесіне қол жұмсапты, жағасынан алыпты деген
шағымдар бүгінде аз ұшырасып жүрген жоқ. Мұның
бәрі нені көрсетеді? Құрғақ бұйрықтар мен тыйымдар-
мен іс бітпейтінін көрсетеді. Болар іс болды, бояуы
сіңді. Енді не істеу керек?